Болашақ директорлар Зияткерлік мектепте тағылымдамадан өтуде

21 ақпан 2024 21:10

«Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары» бағдарламасы қатысушылары Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тағылымдамадан өтуде. Болашақ директорларға арналған кесте білім беру мекемелерін тиімді басқару үшін негізгі дағдылар мен білімді дамытуға бағытталған кешенді және жүйелі тағылымдама бағдарламасы болып табылады Жоба жоспарына әдістемелік дәрістерге қатысу, мектеп сарапшыларымен аттестаттау және зерттеулерге жетекшілік ету мәселелерін талқылау, сабақтарды бақылау, Кері байланыс алу, пікірталас әдістемелік жұмысына қатысу, сондай-ақ оқушылардың дамуын бақылау және білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді.