NIS Talks

project

” Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TED клубы


«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TED клубы» жобасы жаңа бастама болғанымен, оның тарихы 1984 жылы АҚШ-тан бастау алады. Аталған жылы Калифорнияда «Technology, Entertainment, Design» деген аталатын TED(http://www.ted.com/) конференциясы «Таратуға тұратын идеялар» ұранын тастады және қызықты идеяларды барынша көп адамға таратуды өз міндеті ретінде айқындады. Осы жиында 18 минуттан тұратын баяндама жасап әлемге танымал болған Билл Гейтс, Эл Гор және Ұлыбританияның Премьер-Министрі Гордон Браун секілді тұлғаларды атап өтуге болады. TED конференциясында таныстырылған Macintosh компьютерлері, әлемдегі ең алғашқы компакт-дискілер бүгінде біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Бұл жобаны біздің мектептерге енгізудегі басты мақсат – оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру.

Жоба «Wikibilim» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылады. Клуб жұмысы аясында оқушылар әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен өнертапқыштарының қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі қысқа қоғамдық лекцияларын тыңдап, оларды талқылайды. Сондай-ақ, өздері таңдаған тақырыптарға TED форматында баяндамалар дайындайды.

Жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TED клубтары арасында үздік идеялар жарысы өткізіледі. Осы жарыстан озық деп танылған идеялардың иесі, әр мектептен бір оқушы Калифорнияда өтетін жыл сайынғы ТED конференциясына жолдама алып, әлемнің озық ойлы өнертапқыштарымен жүздеседі.

Назарбаев Зияткерлік мектептері TED клубының мақсаты –  TED-тің «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алып, этикалық, танымдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелерді талқылап құндылықтар мен мақсаттарды қалыптастыру, оқушының бойында тыңдай білу, түсіну, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту секілді дағдыларды қалыптастыру, сол арқылы оқушының тұлға ретінде дамуына  үлес қосу.

Назарбаев Зияткерлік мектептері TED клубында оқушыларда қалыптасатын дағдылар – Назарбаев Зияткерлік мектептері TED клубында талқылаулар ашық, қызықты, сыпайылық пен әдептілік ережелеріне сай өтеді, оқушылар талқыланатын тақырыптарға белсенді қатысуына жағдай жасалынған. Клубта оқушылар сұрақ қоюға, қарсыластарының сұрақтарына жауап беруге, жауаптарды талдауға, қойылған мәселе бойынша өз пікірлерін жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар оқушылар өз ойын ашық айту, дәлелді сөйлеп, пікірін дәйекті қорғай білу, басқа адамның ой-пікірін, көзқарасын сыйлау, тыңдай білу, басқа көзқарасқа құрмет қалыптастыру, жеке және топтық шешімдер қабылдауды үйренеді.