- /
- Новости /
Кураторлар қызметіндегі CHILD PROTECTION
28 ақпан 2024 21:58
Ақтау қаласындағы Назарбаева Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Мохамед Фатхи Гомаа Эльших ұсынысымен мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторларына арнап «Child protection» семинары жүргізілді.
Семинар барысында кураторларға балаларды қорғау бойынша шетелдік тәжірибедегі теориялық мәліметтер мен нақты зорлық-зомбылық бойынша кейстермен жұмыс жасау өткізілді.
Сондай ақ кураторлар мектеп ішінде оқушыны кез келген зорлық-зомбылық түрінен қалай қорғау керек, оған ұстаз қалай әсер ете алады деген сынды сұрақтарына жауап алды.
Бұл шарадан педагог-ұйымдастырушы-кураторлар өз іс-тәжірибесіне қажетті ақпараттарды алды.