Тарих пен қазіргі кездің тоғысқан күні

Ғажайып саяхатымыздың жалғасында біз Алматының тарихына көз жүгіртіп, оның қазіргі кездегі жағдайына баға бере алдық. Жалпы алғанда, екі кезеңді, яғни өткен мен қазіргі шақты салыстырсақ, әсем қаланың осындай аз уақыт ішінде қалайша бой түзегеніне таңғалып-ақ қаламыз.
Қазақтың кең даласы, айнала асқақтаған Матай таулары, сыңғырлап аққан Іле өзені-бұл көшпенділер қалашығының ұяланған жері. Бекініс ретінде салынған қалашық шын мәнінде кинофильмдер түсуруге арналған декорация болып саналғанмен, ол өзімен тарихи құндылықты дәріптейді. Себебі бұл қалашық қазақ халқының сол замандағы күн-көрісін айқын көрсетеді.
Келесі аялдамамыз – қазіргі Қазақстандағы оқыту нарығын дамытушы – Bilim Media Group инновациялық компаниясы болып табылады. Ол бірнеше орта білім беретін мектептермен, жоғарғы оқу орындарымен және балабақшалармен серіктесе отырып, оқушылардың білім деңгейін дамытуға арналған түрлі жобаларды, мысалға ала кетсек, Bilim Land, Twig Bilim, I Test сындыларын ойластырады және іске асырады. Біз жүргізген экскурсия арқылы біз оқушыларға ұсынылатын жобаларды құрастыру қаншалықты қиын екеніне көз жеткіздік.
Қала сыртындағы қалашыққа ұзақ сапардан кейін аздап шаршап қалдық. Алайда, «Көк Төбеге» барғанда, осының бәрі ұмыт болғандай болды. Таза ауада серуендеп, бой жазып, ән мен күлкіге беріле отырып уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай қалыппыз. Төбеден көрінетін қала бейнесі жүрегімізді тағы бір рет толғандырғандай болды.
Осылайша, экспедициямыздың екінші күнін аяқтадық.