«Ішкі көшбасшылық» сабағы

Жазғы мектептің кезекті күні оқушыларымыздың өзінің ерекшелігімен тәнті етті. Әдеттегідей таңғы жаттығудан басталып, әр топ өздерінің теориялық сабақтарына қатысты.


Күннің екінші жартысында еріктілері күшмен “Ішкі көшбасшылық”тақырыбында сабақ өтті. Бұл жерде балалар өздерін қалай ынталандыру керектігі және уақыттарын дұрыс бөлуді үйренді. Көшбасшылық сабағынан кейін оқушылар шетелдік мұғалімдермен квизге қатысты. 7-10 сынып оқушылары 5 командаға топтасып, қызықты сұрақтарға жауап беріп жарысты.


Бүгінгі күннен үлкен әсер алған барлық балалар үйге көңілді қайтты.