Аяулы ұстаздарға арналды

Ұстаздар күнін мерекелеу қарсаңында мектебіміздің бірінші қабаты фойесінде шығармашылық жұмыстар көрмесі қойылды. Көрмені көпшілік назарына ұсынған жатақхана тәрбиеленушілері. Осылайша олар өз сүйіспеншіліктері мен ризашылықтарын өнер арқылы білдірді.


Көрмені ұйымдастыруға дайындық жұмыстары қысқа мерзімде жүргізілгеніне қарамастан, қойылған суреттер әртүрлілігімен ерекшеленді. Туынды авторларының еңбектеріне қарап отырып, олардың өз идеяларын жүзеге асыруға асқан ынта -жігермен қарағанын көруге болады. Суретті салуда түрлі әдістер мен материалдар қолданылды. Оқушыларға шығармашылық шабыт беруге М.Алибекова, К.Касимова, Г.Курманбаева, А.Калелова сынды жетекшілері атсалысты.


Баспасөз қызметі