Мектебіміздің «Хан тәңірі» шаңырағы кураторлары Гүлнұр Жакеева мен Динара Нұрғазинаның жетекшілігімен қаламыздағы қарттар үйіне барып қайтты. Қазыналы қарияларымызды мерекелерімен құттықтаған шәкірттеріміз өздерімен бірге кітап, ашық хаттар, тоқыма жіп, жеміс-жидектер алып барып, тарту етті.
Өскелең ұрпақтың тосын сыйына риза болған ата-әжелеріміз өз алғыстарын жеткізді.
Баспасөз қызметі