Ұлттық ойын –халық мұрасы

«Шымырлық пен шеберлік күні» спорттық флешмоб өткізген біздер көздеген мақсатымызға жете алдық деп ойлаймыз. Өйткені, шара қатысқан шәкірттеріміздің білегінің күші мен ептілігін сынаудан бөлек, ұлттық спорт ойындары жайлы мол мағлұмат берілді. Флешмобтың жоғары деңгейде өтуіне мектебіміздің дене тәрбиесі пәні мұғалімдері атсалысты. Олар «Арқан тартыс», «Теңге ілу», «Күрес», «Асық», «Бестас» сынды халқымыздың көнеден келе жатқан ойындарын ойнау тәсілі, ережелері жайлы тың деректерді алға тартты.


– Флешмоб оқушыларымыздың кезекті көктемгі каникул қарсаңында тамаша сый болды. Флешмоб үшін түсірілген бейнебаянға қызығушылықпен қатысып, ұлттық ойындарымызды ойнап көрді. Асық атты, күресті, бестаста бақ сынасты. Осының барлығы ұлттық тәрбиеге негізделіп отыр. Алдағы уақытта дәл осындай шаралар жалғаса береді, – дейді ұйымдастырушылар.