Кезекті қайырымдылық шарасы өтті

Мектебізде 3-ші наурыз күні ата-аналардың, оқушылардың, мектеп мұғалімдерінің, шет елдік мұғалімдердің қатысуымен «Global village» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жаңа піскен жемістер, көкеністер, пеште пісірілген тағамдар: бәліш, самса т.б. түрлі тұздықтар сатылымға түсті. Жиналған қаражат қайырымдылық қорына жұмсалатын болады.

Баспасөз орталығы