ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ШҚО жасаған сапары аясында Семей қаласындағы физика -математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ат басын бұрды. Премьер-Министр мектептегі өзін-өзі тану, нанотехнологиялар, биотехнологиялар кабинеттерін, қыш құмыра шеберханасын аралап, оқушылардың жетістіктерімен танысты. Мысалы 11 сынып оқушысы Ернар Ерболов жоғары мейманға өзі құрастырған роботы туралы әңгімелеп берді.

– Бұл робот Косто-Рикода өтетін жарыс үшін құрылды. Бұның мақсаты генераторды құрып алып өзінің арнайы орнына апару болып табылады. Роботтың ішінде арнайы жазылған программа болады. Сол программаға сәйкес робот өзінің жұмысын атқарады. Арнайы түс анықтайтын сенсор арқылы робот генераторды қайда апару керек екенін анықтай алады.

Сапар соңында Премьер-Министр мектепке су жаңа «ГАЗель» автокөлігін тарту етті.