“Көне жазу” тақырыбында сабақ

Бүгін, қазанның бастапқы күнінде “Кітапхана сабағы” бойынша “көне жазу” тақырыбында сабақ өткізілді.Бұл сабақ дүниежүзі тарихы сабағымен тығыз байланысты болды және жазу- сызуы көне халық тақырыбында талқыланған дискуссиялар оқушыларға өте қызықты болды. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларды тарихи дереккөздермен жұмыс істеуге ынталандыру, оқудың жазу-сызудың сол уақыттарда қаншалықты маңызды болғанын түсіндіре отырып, кітап оқуға ынталандыру. Алдыңғы өткен сабақтағы жазылған тесттердің қорытындыларын ескере отырып, ең жақсы қатесіз жазған оқушылардың есімдері аталды,Кері байланыс ретінде, оқушылар берілген ақпаратқа сәйкес бос кестелерді толтырды және кроссворд шешті.Қорытындысында, оқушылар жаңа терминдермен, ақпараттармен танысып, келесі жолы кітапхана сабағы басқа да сабақтармен біріктіріліп өткізілгенін қалағандарын жеткізді.