“Тұңғыш-Первый” киноапталығы жайлы оқушылардың ой-пікірі

[metaslider id=”8401″]

Астананың болашағы-ел болашағы

Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы бірнеше жыл ішінде бәйтеректей биіктеген Астананың сұлу бейнесі әлем назарына айналғаны бәрімізге мәлім. Мәдениетіміз бен руханиятымыздың ошағы, білім мен ғылым ордасына айналған қаламыз жыл сайын өркендеп, жаңа ғимараттарымен қуантуда. Ел ордамыздағы зәулім үйлер мен ерекше формадағы әсем ғимараттар архитектура саласында жаңалық пен жаңашылдық алып келуде. Тәуелсіздігіміздің айғағы мен айнасына айналған Астана тарих сахнасында егеменді ел атануда елеулі рөл атқарды. Отанымыздың жүрегі-жаңа Астана адамдардың рухани санасының жаңғыруына, жаңаруына өз үлесін қосты. Көпұлтты халықтың басын қосып, әлемдік мәселелерді шешуде атсалысып, өз аренасын мәжілістерге ұсынған қала бүгінде елім деген әр азаматтың жүрегіне үміт сәулесін сепкендей. Келер ұрпақтың да, болашақ жастардың да өркениет көкжиегінде өркендеп өсуі Астананың қолында болса, оның гүлденуі жастар- біздің қолымызда. Келешегіміз жарқын болуы үшін барша жастар жұдырықтай жұмылуымыз қажет. Астананың болашағы-ел болашағы.

Дильназ Жұмақанова,
11 «А» сынып оқушысы

Астана-Қазақстанның бас қаласы

Қазақстан–тәуелсіз мемлекет. Осы мемлекеттің Астана атты жас қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Осы жылы Астана өзінің 20 жылдығын тойлады.Сонымен қатар,көптеген белестерге жетіп үлгерді. Біз осы қаланы жан-жақты дамып бара жатқан қала деп шешім қабылбай аламыз.Неге? Біріншіден, Астанада білімді,потенциалы үлкен жастар саны орасан зор. Қазіргі таңда Астана қаласында ғана “Назарбаев Университеті” бар. Ал оған оқуға түсу өзі бір арман. Жалқау,әрі білімсіз жастардың түсуін мүмкін емес деп айта аламыз. Сол сабепті Астана-жастардың арман қаласы. Екіншіден, Елбасымыз Астананың көркеюіне көп үлес қосады және осы қалаға зор үміт артады. Бәріміз білетіндей 2017-жылдың жазында осы қалада Expo өткен болатын. Осы іс-шараны тамашалау үшін әлемнің барлық өңірінен саяхатшылар келді. Іс-шараның аяқталар кезінде,барлық шетелдіктер Астана туралы өздерінің жақсы ойларымен бөлісті. Уақыт өте келе Астана Қазақстанның басты қазынасы болатындығы сөзсіз!

Аңсар Серікбеков,
8 «В» сынып оқушысы

Дара туған тұлға

Қазақтың қазақ, елдің жеке мемлекет болып қалыптасуының негізін салушы дегенде ойыңызға кім келеді? Менің санама Республикамыздың ерекше ойлы көшбасшысы -Н.Ә.Назарбаев бірден түседі. Қазақстан-тəуелсіз, қонақжай, қой үстінде бозторғай ұялаған жердің иелері, Еуропа мен Азияны жалғап жатқан туған бесігіміз. Осы елімізді өркениет жолымен 27 жыл бойы басқарып келе жатқан Тұңғыш президент төл тарихымызда өзінің дара жолына ие. Өмірлік еңбек жолын металлургия саласында бастаған ол  өзінің адамдарды қарата білу, тыңдата білу, дұрыс бағыт пен бағдар беру қасиеттерімен сол кезден-ақ көзге түсе білген. Тек еліміздің ғана емес,əлемдегі күрделі мәселелерді шешуге де атсалысып келеді.  “Қазақстан ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл елдің экономикалық өсімі мен гүлденуіне әкелді. Қазақстан бүкіл әлем бойынша бұл бағыттағы күш-жігердің үлгісі бола алады.”деген ойы арқылы АҚШ-тың бұрынға президенті Барак Обама Елбасымыздың ерлігін жоғары бағалаған. Елдер арасындағы соғыс пен жанжалдарды тоқтату,достық әлем негізін қалауда алғаш қадамдарын жасаушылардың бірі де – Нұрсұлтан Назарбаев.

Аружан Мүбәрак,
9 «А» сынып оқушысы

Жарқын болашаққа бастаған Ұлт Көшбасшысы

Із салып тыңнан,соныдан,
Ертеңін елдің таныған.
Көрінген ерең еңбегі
Тәуелсіздіктің таңынан.
Жетелеп шыңға халықты,
Бастаған жолға байыпты.
Қастерлер халқы мәңгілік,
Нұрсұлтан Назарбаевты!
Болат Үсенбаев

Менің Отаным – Қазақстан! Менің кіндік қаным тамған, туып- өскен жерім –Қазақстан. Мен осылай деп мақтанышпен айтамын.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде күн, көгінде гүл бір жүзген
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің,-деп қазақтың қайсар ақыны Сырбай Мәуленов жырлағандай, әркімге өз туған жері,оның топырағы,суы мен ауасы шипа,туып өскен өлкесі қымбат, аялы. Туған елге, жерге деген ыстық махаббат әр адамның сезімін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады, асқақ армандарға жетелейді. Сол секілді мен де өз Отанымды сүйемін және оның көркеюіне өз үлесімді қоссам деп армандаймын. Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет. Елімізді жаңа жолға бастаған тұңғыш Президентпен бірге Отанымыз өзінің алғашқы қадамдарын бастады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде танылуы – Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы қызметінің жемісі.Тәуелсіздік – Қазақстан халқы үшін баға жетпес бақыт. Халқына осы бақыттың келуіне ұшан-теңіз қызмет еткен тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Кеңес Одағының ыдыраған кезінде Қазақстанды басқарған тәуелсіз мемлекеттің басшысының рөлі туралы халық аузында және шетелдерде көп айтылып жатыр. Көшбасшымыз Қазақстанды тәуелсіз елге айналдырудың барлық қиын жолдары мен белестерінен аман өткізді. Елбасының дара тұлғасы тарих беттерінде танылды. Елбасымыздың ең үлкен ерліктерінің бірі деп кеңестік дәуірде бірнеше республика біртұтас мемлекет болып, кейіннен дербестік алған сәтте айналасы ашық-шашық жатқан еліміздің мемлекеттік шекарасын айқындап, іргемізді бекітіп бергендігін айтуға болады. Ресей, Қытай секілді алып державалардан ара шегімізді ажыратып алу оңай шаруа емес еді. Бұл да Елбасымыздың асқан кемеңгер саясатының жемісі. Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі ерекшелігі – халықшылдығы, шыншылдығы . Ол халыққа алдағы тұрған мәселелерді ашық, түсінікті түрде жеткізеді. Халықпен үнемі байланысады. Елбасы туралы кітап жазған ағылшын жазушысы Дж.Айткен 2009 жылғы 14-шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында «…Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшін сіңірген бәрінен де үлкен еңбегі аса қиын жағдайда сан ұлттан құралған халқын соңына ертіп, олардың тарихи қалыптасқан достығы мен ауызбірлігіне сына қақтырмай, топтасқан күйінде сын сәттен сүріндірмей алып шыққандығы, осының негізінде жас та тәуелсіз мемлекетті құра алғандығы деп есептеймін. Ұрпақтарға болашақ үшін жол сілтейтін бұл құбылыс Қазақстан тарихындағы маңызы өлшеусіз болып табылады және әлі талай айтылатын болады» деген еді. Көшбасшымыздың көрегендігі, мемлекет пен халық тағдырына қатысты өзекті мәселелерді болжай білгіштігі дана адамға ғана тән қайталанбас парасат иесінің бейнесі. Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы оралады.Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де болды. Көшбасшымыз ядролық қарусыз болашаққа бейбіт жолмен бастады. Семей полигонын жабуы- үлкен ерлік. Бейбіт елде бақытты өмір сүрудеміз. Елбасымыздың 100 мектеп тапсырмасымен өзім тұрған Аягөз қаласында заманауи талаптарға сай төрт жаңа мектеп салынды. Ал, ең бастысы, еліміздің әр облысы мен ірі қалаларында оқушыларды заманауи біліммен қамтамасыз етуге лайықтап, дарынды оқушыларға арналған Зияткерлік мектептерін салғаны, материалдықт-техникалық базасын мықтап, сол арқылы ел болашағаның жарқын болуына тағы бір үлкен үлесін қосып отырғанын айтып өтер едім. Сол үшін де елбасы Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз. 1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне өзімнің жыр шумағымды шашу еткім келеді. Асқақтатып тұғырын туған елдің,
Бағына халқымыздың сіз келдіңіз.
Басқаларға көш бастап үлгі болып,
Болашаққа жол салып, күш бердіңіз.
Даралығын мойындатқан әлемге,
Есіміңіз тарап кеткен әр елге .
Көшбасшымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Аңыз болған тарихтың беттерінде.
Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысының кемеңгерлік қадамы қарыштап алға баса берсін. Елбасының ерен еңбегі,өнегелі өмірі – бізге үлгі аларлық шежіре.

Айкербез Оралхан,
9 «А» сынып оқушысы

 

Астана – столица Казахстана

Астана – это главный город и сердце Казахстана. Таковым он стал сравнительно недавно, в сравнении с многовековой историей многих городов нашей огромной планеты. Это бриллиант, сочетающий в себе неповторимость воплощения мечты и процветания людей, которые здесь живут и не могут нарадоваться процветанию своей столицы и страны, в общем. Я вижу, что развитие идет по многим направлениям и это крайне важно. Здесь происходит и проводится огромное количество разнообразных мероприятий культурной и спортивной направленности. Это дает поразительный толчок в развитии не только самой Астаны, но и страны в целом. Ведь каждый город пытается «тянуться» к своей столице, походить на нее и стать небольшим брилиантиком в неподражаемом украшении под названием Казахстан. Ранее, Астана была сравнительно небольшим городком и развивалась за счет того, что находилась на пересечении нескольких торговых путей. Но стоило обратить внимание президента на свои неоспоримые преимущества, и Астана расцвела и заиграла новыми невообразимыми красками, дав жизнь и надежду многим людям. Случилось это событие в 1994 году, когда Астана стала называться и по праву считаться резиденцией Президента. Как столица, Астана поражает воображение. Это город моей мечты. Здесь хочется жить и проводить все свое время. Тут сочетаются невообразимые стили архитектуры, начиная от ультра – современных небоскребов, потрясающих скверов и парков, и заканчивая памятниками исторического наследия Казахстана. Город постоянно озеленяется, чтобы каждый житель не только трудился на благо своего города, но и наслаждался упоительным и свежим воздухом города будущего. Многочисленные гости Астаны приезжают и раскрывают рты от удивления, когда видят, как быстро меняется город в положительном смысле подобного выражения. Развитие Астаны, как столицы, не стоит на месте – это факт. Сюда стягиваются огромные ресурсы, что дает потрясающий стимул для развития многочисленных и интересных бизнес – проектов. Это в недалеком будущем поможет создать нерушимый костяк для экономического развития Астаны и страны в целом. Я верю, что процветание в инновационном плане и невообразимая красота города будут притягивать сюда потоки молодежи, которые в будущем смогут поднять статус столицы до «недостижимых» высот. Все хотят мечтать и верить, что их мечты осуществятся. Но иногда, следует прилагать некоторые усилия, чтобы задумки воплотились в «реальную» жизнь. Я вижу, что именно в Астане – столице Казахстана это сочетание мечты и действий достигло своего апогея.

Жансая Галымова,
8 «В»

 

«Назарбаев моделі» атты фильмін көргеннен алған әсерім

Әлемдік кезенде Қазақстандық жұлдыз жарқырайды. Бүкіл дүние жүзіндегі мемлекеттердің біздің елімізге деген қызығушылығы артып келеді. Көпшілікті мазалайтын сұрақ: «Нұрсұлтан Назарбаев күрделі қиындықтарға қарамай, басқарудың жаңа формасын қалай ойлап тапты?» Бұл сұраққа физик, футуролог, ғылым популяризаторы, АҚШ профессоры Митио Каку келесідей жауап береді: «ол көптеген жерде болды, көптеген саяси жағынан маңызды адамдармен араласты. Көптеген елдердің президенттері сұхбат беру кезінде өз елдерінің қаншалықты әдемі екенін айтады, сонымен қатар олардың әлемдік деңгейге көтерілу үшін мүмкіндіктерінің қаншалықты аз екенін, экономика жайлы емес, өткен өмірде қандай жетістіктері мен абыройы болғаны жайлы сөз қозғаса, Елбасы нақты фактілерді ғана ұсынады. Ол фактілермен ғана шектелмей, сонымен бірге болашаққа деген үміті мен елдің қалайша аяққа тұра алатыны туралы, жастарды активтендіру, қалайша жаңа кооперацияларды құрып, стартап құрауға болатыны жайлы сөз айтады». Назарбаев әрдайым Қазақстанның жарқын болашағы мен жақсарту жолдары туралы көп ойланады. Шығыс елдерімен салыстырғанда, біздің мемлекет ынтымақтастық, бірлік және тұрақтылықпен ерекшеленеді. Қазақстан дамып, гүлденіп жатыр, оның әлемдегі рөлі мен орны айқындалып келеді. Мысалы, оның моделі бойынша құрылған  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ.  Бұл мектептерде Қазақстанды дамыта алатын, әлемдік, дүниежүзілік бәсекелестікке қабілетті, креативті, инициативаға толы оқушылар оқиды, болашақ олардың қолында болғандықтан, оларға зор мүмкіндік берілген. Менің ойымша, Назарбаев моделі бойынша біздің мектептерді құру шешімі Елбасының алға қойған барлық стратегиялық мақсаттарымен үйлеседі, оның көрегендігін, жарқын болашаққа деген үміті бар екенін айқын көрсетеді.

Дильназ Бейсенова,
10 «В» сынып оқушысы