«9 «А» сынып оқушыларының эмоционалды интеллект деңгейін заманауи жанұя идеясы арқылы қалай көтеруге болады?»

Бүгінгі таңда балалардың эмоционалды интеллект деңгейінің жоғары болуы маңызды. Балалардың психологиялық көңіл күйлері оң болуы, сабқтарын жақсы оқуға әсер етеді. Ал, оның бірден бір қолайлы ортасы ол – отбасы. Отбасы-адамның жаны тыныштық тауып, рахатқа бөленетін, бойға қуат, ойға шуақ алатын құтты мекені. Ол имандылықтың ұясы, өзара келісім мен сүйіспеншіліктің тұрағы. Отбасы – үлкен тәрбие мектебі  болғандықтан, «9 «А» сынып оқушыларының эмоционалды интеллект деңгейін  заманауи жанұя идеясы арқылы қалай көтеруге болады?» тақырыбындағы кіші зерттеу жұмысымызды  «Өзін-өзі тану» пәнімен тәрбие сағатын кіріктіре отырып, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өткіздік. Бұл сабақтың негізгі мақсаты оқушылар мен ата-аналарды бірлесе жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бақытты отбасының ерекшеліктерін ұғынуға, қызығушылықтарын арттыруға, мектеп пен ата-ана байланысын нығайтуға тәрбиелеу болды. Сабақ барысында жағымды психологиялық үйлесімді орта қалыптастыру арқылы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас мәселелерін байқауға ой салып, оны бірлесе шешу жолдары ұсынылды. Сабақта шаттық шеңбері «Афирмация», «Тосын сый» хаты, «Мен үшін ата-анамның рөлі қандай?» атты бейне ролик пайдаланылды.  Топтық жұмыстар мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруда заманауи отбасы дәстүрінің маңыздылығы туралы ойландыруға және ұсыныстар жасауға көмектесті. Нәтижесінде ата-аналар мен оқушылар отбасылық құндылықтың маңыздылығын түсіне отырып, қарым-қатынасты нығайту, эмоционалды интеллект деңгейін жоғарылату үшін  бірлесе заманауи отбасылық дәстүрлер өткізу керек екендігін түсінді.

Н.Сұлтаева,
Педагог-ұйымдастырушы куратор
К.Найманова,
Өзін-өзі тану мұғалімі.