Сырға толы Алматы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Отанымыздың мәдени астанасы – Алматы өзінің кереметімен таңғалдыруда. Ал сіз  Алматының барлық көрнекі жерлерімен таныссыз ба? Өмірі мен арналары, білім берудегі рөлі сізге мәлім бе? Күніміз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен басталып, өз қарсы алуымен баурады. Мекеменің жұмысшылары әрбір оқушының сұрақтарына ашық жауап беріп, экскурсияны барынша қызықты өткізуге тырысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мұражайы 3 бөліктен тұрады: 1-табиғатты қорғау, 2-жердегі өмірдің эволюциясы, 3-табиғи ландшафттар. Осының ішіндегі ең әсерлі болғаны ол – өзіміздің тұрып жүрген әлеміміздің дамуы, тарихы жайлы бөлімі болды. Себебі, өткен ғасырдағы үлгілерді көру мүмкіндігі кез-келген адамға түсе бермейді. Бұл мекемеде ең соңғы Тұран жолбарысының кейпі сақталған. Ең соңғы өкілі 1958 жылы қаза тапты. Олардың көпшілігі 1941-1945 жылдар арасындағы соғыстың салдарынан жойыла бастады. Бұл орында өз өлкеміз жайлы жаңа мағлұмат ала алдық. Мысалы, Іле түйеқұсының жүмыртқа қабығы Шарын каньонында табылып, отандық ғалымдар арқылы сол кездегі бейнесі болжамдалып салынған. Осыдан кейін біз еліміздің мақтанышы, қорында 7 миллионға жуық кітаптары бар әйгілі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына бардық. Бұл кітапханада 117 тілдегі әдебиет үлгісі, баспалар, сирек жинақтар, қазақ зиялылар ойлары бар. Білім нәрімен сусындау үшін күніне 2500-ға жуық оқырман осы жерді іздеп келеді. Назира Даулетовна атындағы залда оқырман үшін өз қалауымен ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылады. Оған қоса кітап негізінде түсірілген бейнематериалдар өз көрерменін тауып, кітапхана аумағында орналасқан үлкен кинотеатрда қойылады. Келесі көрген кереметіміз – сан алуан өсімдік, ағаш пен ағзаларға толы ботаникалық бақ. Таза ауа, тамаша атмосфера, жанға жайлы адамдар мен тірі табиғат біздің жүрегімізді баурады. 1932 жылы ашылып әлі күнге дейін сақталған, маңызын жоғалтпаған өлке болып табылады. Күнделікті өмірде барлығымыз теледидар қарап, әртүрлі бағдарламалар тамашалаймыз, бірақ олардың артында қандай еңбек жатқаны жайлы көпшілік ойлана бермейді. Осы экспедицияның арқасында біз оны көзімізбен көріп, құлағымызбен ести алдық. Қазақстан телеарнасы 1958 жылы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ашылып, жұмысын әлі күнге дейін атқарып келеді. Алғашқы жылдары ауыр әрі ірі құралдармен жұмыс істесе, ал қазір жаһандандырылған, заманауи технологиялармен жұмыс атқарады. Бір ғана бағдарламаны түсіру үшін ондаған операторлар, бірнеше монтажерлер, журналисттер, звукорежисерлер күш жұмсайды. Осы кісілердің арқасында біз бос уақытымызды ұмытылмастай етіп өткізе аламыз. Осылайша күн ұясына батып, кеш те батты. Күнімізді «Толағай» белсенді ойындары аяқтады . Павлодардан келген оқушыларға қарсы ойнаудың арқасында топтық жұмысымызды жақсартып, бәріміз біріміз үшін болатындай деңгейге дейін жеттік. Қозғалып, бойымызда қан тарап, ертеңгі күнге күш-жігер алдық.