Фото арқылы әлемді көре білу қажет

Жазғы мектептің қызықтары 4- күні де жалғасты. Бұл күні оқушылар өздерінің сүйікті комикс батыр кейіпкерлері кейпіне еніп, солардың костюмдерін киіп келді. Сонымен қатар топтар арасында «Фотоохота» сайысы ойнатылды.
Топтар үшін «Мстители», «HarLeMshake» киім үлгісінде, «Ұйқыға кеткендер тәрізді», «Беседка ішінде түскен отбасылық фото», НЗМ оқушылары: күтілген нәтиже мен шынайы өмір» тақырыптарында, жеке тұлғаларға басқа топтың еріктісімен, арнайы форма киген адаммен, біреуді «қолында ұстап», КРИК, Майкл Джексон сияқты, оқытушыны зұлымдардан құтқару, жазғы киім үлгісінде, сүйікті теле актерлерді сомдап, CRAZY вальс, суға арналған кулермен креативті фотоларға түсу тапсырылды.
Оқушылар бұл жолы да тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықты. Мәселен, ең үздік киім үлгісін киіп келген «Робототехника» тобынан Нұрислам Алин Нурислам мен «Пищевая химия 2» тобының мүшелері Бинкура Дурунбаева, Қуанышбек Қуатбековтерді ерекше атап өтуге болады.
Бүгінгі күнді оқушылар өздеріне ұнаған шығармашылық курстарға арнады. Мектебіміздегі халықаралық оқытушылар олар үшін тренингтерді топ құруға, топтың ұйымдасуына, көшбасшылыққа байланысты ұйымдастырды. MUN сабағы да өткен күндерге қарағанда өзгешелеу болды. Алғашқы сағатта балалар конференцияның ережелерін қайталаса, қалған екі сабақта «Өлім жазасы» тақырыбына байланысты кішігірім конференция өткізді. MUN мұғалімдері балаларға әртүрлі мемлекеттер жайлы ақпарат жинауға тапсырма бергендіктен, балалар оған да дайын болып шықты. Бұл ақпарат көздері конференция кезеңінде балаларға көмек болды. Олар өздеріне берілген мемлекеттің позициясын әр түрлі фактілер мен статистикаларға сүйене отырып, дәлелдеді. Сонымен қатар, конференцияның бір бөлігінде балалар резолюция жазу ережелерін және құрылымын қайталады. Қалай жазу керек екенін және кім жазу керек екенін үйренді. Білімдерін бекіту үшін, алдыңғы өткен конференцияға байланысты резолюция жазды. Балалар бұл жұмысқа белсене қатысып, әр түрлі сұрақтар қойып, бірге жауап іздеді.
MUN сабағынан кейін балалар әр түрлі үйірмелерге, өзінің қызуғышылықтарына байланысты курстарға (Баскетбол, би, волейбол, араб тілі, тамақ пісіру және тағы басқалары) барған болатын. Бүл балалардың тек білім жағынан ғана емес, басқа дағдыларын дамытуға үлкен көмек.
Көшбасшылар сағатында балалар «Напиши зверя» атты ойын ойнады. Бұл ойынның негізгі мақсаты – топтың бірігіп жұмыс істеу қабілетін дамыту, жауапкершілік сезімін оятып, көшбасшы қасиеттерін анықтау болып табылады. Балаларға таза ақ қағаз таратылып, балалар бір-бірімен сөйлеспей, ақылдаспай бір жануарды жазу керек болды. Жануарды жазып біткеннен кейін, балалар кезек-кезек жазған жануарларын оқып шықты. Алғашқы ойын шеңберінде бір ұқсастық кездесті, яғни екі бала пингвин жануарын жазғандығын айтты. Екінші ойын шеңберінде балалар тағы да жануар атын қағаздың екінші бетіне жазу керек болды. Бұл жердегі ең басты мақсат ол балалардың қағаз бетіне бір жануар атын түсіруі болып табылады, алайда бұл балалардың қолынан бірден келе қойған жоқ. Үшінші және төртінші ойын шеңберінде балалардың көбі арыстан және жолбарысты жазды. Тек бесінші ойын шеңберінде ғана балалардың көбі арыстан жануарын таңдады. Бұл ойынның қиыншылығы бұл бір жануарды жазу, алайда біздің балалар бұл мақсатқа қол жеткізе алды. Бірден бір жануар жаза алмау себебі жануарлардың көбі есте сақталғандықтан, бір жануарды таңдау қиын болды, алайда біраз ойнаған соң, арыстан жануары көп кездескендіктен, есте қалып, барлығы соны жазуға бел буды. Бұл ойын балалардың көңілін көтерді. Ойынды тез бітірген соң, балалар «Фотоохота» конкурсына қатысу үшін, суретке түсті. Балалар белсене қатысып, көптеген идеялармен бөлісті.

Ақлима Сексенбаева,
педагог-ұйымдастырушы-куратор