Шығармашылық сенбілік жобасының нәтижелері

 

2017-2018 оқу жылында «Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің» филиалында «Шығармашылық сенбілік» жобасы басталды, оның басты мақсаты 7 сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету болды.
Жобаның идеясы оқушыларға жасанды шығармашылық орта арқылы толыққанды мектептегі ортада бейімделуді жеңілдету, олардың күшті екеніне сеніп, сенімділікке ие болуы. Бұл жобаның шеңберінде ұжымның қалыптасуы шығармашылық сенбі ұйымдастыру арқылы өтеді. Әр сенбі сайын балалар домбыра, би, вокал, оқу сағаты, психолог сағаты шығармашылық сабақтарына қатысты. Жобаны жүзеге асыру барысында оқушылар проблемаларды шешеді, команда ретінде жұмыс істеуге үйренеді, бір-біріне көмектеседі.
Мамыр мерекелерінің қарсаңында мектеп ұжымы мен жетінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін премьера өтті. Бұл тек жетінші сынып оқушыларының шығармашылық нөмірлерінен тұратын алғашқы концерт болды. Концерттік бағдарлама – «Шығармашылық сенбілік» жобасының нәтижесі.
Республикалық «100 ән», «100 күй», «100 кітап» жобалары арқылы балалар қазақ және әлемдік мәдениет мұраларын зерттеді. Концертте балалар жыл бойы алған білімдерін ұсынды.
«100 күй» жобасы бойынша 7 сынып оқушыларының әрқайсысы жылдың соңына дейін 1 күйді қалай орындауға болатындығын білуге тиіс болды. Қонақтар қазақтың ұлы әншісі, композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін 80 домбырашының орындауында естіді.
Мектеп оқушылары көрермендерді келе жатқан Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстан халқының достығы мен бірлігі мерекесімен құттықтады. Би сабақтарында оқушылар әр түрлі ұлттардың биі: орыс халық биі, испан, еврей және түрік билерін дайындап, орындады.
Әлемдік көркем әдебиеттердің мәдени мұрасының тізіміне сәйкес,  «100 кітап» жобасы  аясында, оқушылар ағылшынның ұлы драматургы Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» романынан, қазақтың мәдениет қайраткері және ақын Мұқағали Мақатаевтың «Aққулар ұйықтағанда» поэмасынан, ағылышын математигы және ақыны Льюис Кэрролдың «Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісінен және халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Соғыстың соңғы жесірі» әңгімесінің үзінділерін таңдап, қойылым ұсынды.
Жыл бойы балалар «Абайдың» әндерін, «100 ән» жобасы бойынша қазақтың халық әндерін оқыды. Концертте «Қазақ елі осындай», «I will always love you», «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек» әндері орындалды.
Концерттік бағдарламаның соңында хор орындауында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» патриоттық композициясы орындалды.
Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Б.Т. Қайыржанов және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әбілқасымова Л.О. шығармашылық сенбі жобасының табысты іске асырылуының қорытындыларын шығарды. Болашақ оқу жылында бұл жоба жаңартылған форматта жалғасады, оқушылардың әрқайсысы өз даму бағытын таңдайтын болады.
Ата-аналар жоба жетекшілеріне және мектеп қызметкерлеріне оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Олар осы жобаның арқасында балалар достасып, достық қарым-қатынас орнатқанын айтты.
Концерт қатысушылар мен көрермендердің есте қаларлық фото сеансымен аяқталды.
Сахнада 7 сыныптың достасқан командаларын көрдік, балалардың көздері қуаныш пен мақтаныштан жарқырады! «Шығармашылық сенбі» жобасының негізгі мақсаты орындалды – балалар бейімделуден сәтті өтті, сыныптық ұжымдарды құрды. Шығармашылық орта болашақ олимпиада мен жобалардың жеңімпаздарын көруге көмектеседі. Шығармашылық стартаптар балаларға өздерінің қабілеттері мен таланттарын одан әрі дамыту үшін достар мен пікірлес адамдар табуға көмектесті!

Д. Жакеева, Д.Фольмер,
7 сынып кураторлары