Оқушылар жоба қорғады

Бүгінде «Ел болашағы – жастар», «Қазақстанның келе­шегін көркейтетін білімді ұрпақ», – деген сөздерді жиі ести­міз. Әрине, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеле­ніп, ортаға сай озық білім алып шығуына баса назар аударылады. Расында ақпарат пен техниканың дамыған заманында оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл сала­лардағы жетістіктерге көз жеткізуге болады. Алайда, жастардың саналы азамат болып қалыптасуының өзегі – тек жалғыз білімде тұрған жоқ. Осыны негізге ала отыра, жуырдамектебіміздің   8 А,В,Л сынып оқушылары арасында  “Бір-бірімізден  үйренейік” атты  кіші әлеуметтік-психологиялық жобаларды қорғау шарасы өтті.  Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойындағы  зерттеушілік қабілеттерін, өз білімдерін қолдана білуге, көпшілік алдында еркін сөйлей білуге үйретіп, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру. Жоба тақырыптары оқушылар үшін әр түрлі, өзекті өте пайдалы болды. Солардың қатарында «Адам ағзасына музыканың әсері», «Жаңа дос табу», «Мектептегі мұғалімдердің бала кезіндегі арманы»,  «Шоколадтың адам ағзасына пайдасы», «Мектеп формасын кию тәртібі», «Үзілісті тиімді пайдалану жолдары», «Біздің мектеп оқушылары неше сағат үй тапсырмасын орындайды?», «Еркін қарым–қатынас  жасаудың сырлары», «Көпшілік алдында сөйлеу», «Табысты болудың кілті» сынды зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады.  Көп оқушылар нақты өздерін қызықтыратын тақырып тандап, бірлесіп топта  жұмыс жасады.  Осы тақырыптар төңірегінде оқушылар көп уақыт ақпарат жинап, сауалнама өткізіп,  бақылап, алға қойған мақсаттарына жетіп,  пайдалы кеңестер ұсынды. Оқушылар осы жоба арқылы өздеріне деген сенімділіктері артып,  бір-бірінен үйренген жақсы қасиеттердің алдағы өмірлерінде қажетке жарататындықтарын айтты.
Шара сонында барлық қатысушылар сертификатпен марапатталып, «Үздік жоба»,  «Креативті ой», «Іздемпаз» аталымдары ерекше құрметке ие болды.  Ұстаздар қауымы шәкірттеріміздің бойында  тың идея, жаңа бастамалар көп екендігін байқадық.

Ә.Жоламанова,
Педагог- психолог
Н.Сұлтаева, Г.Орынханова,
Педагог-ұйымдастырушы- кураторлар