NIS-Programme оқу бағдарламасы әлемдік деңгейде мойындалды.

Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы UK NARIC (National Recognition Information Centre) – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасы халықаралық General Certificate of Education A-Level біліктілік талап деңгейімен тең деп танылды.
Халықаралық GCE A-Level бағдарламасы әлемнің барлық үздік университеттерінде мойындалған. Бұл бағдарлама басты ерекшелігі – онымен  білім алған түлектер ешқандай қосымша емтихансыз және университетке дайындайтын Foundation курсын оқымастан жоғары оқу орынға түсе алады.
– «NIS-Programme оқу бағдарламасының шетелдік сарапшылардың сынына өтіп, лайықты бағасын алғаны бізді, біздің оқушыларды ерекше қуантады.  Енді біздің мектеп түлектері шетелдік оқу орындарына аттестаттың орташа балы арқылы ешбір емтихансыз, әңгімелесу арқылы қабылданады. Бұл жерде айта кететін бір мәселе – егер екі оқушының орташа балдары бірдей болған жағдайда онда түлектің әлеуметтік дағдыларына басымдық беріледі.  Бұл дегеніміз – түлек оқушы кезінде қоғамдық жұмыстарға араласты ма жоқ па соны басшылыққа алады. Ал еліміздегі маңдайалды оқу орындарының кейбіріне ҰБТ қорытындысы бойынша бірден екінші курсқа жіберіледі. Бұл еліміздегі 12 жылдық оқудың шәкірттерімізге тигізіп отырған пайдасының бірі, -дейді Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов.
Директор атап өткен отандық жоғары оқу орындарының қатарында Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТҰ), КИМЭП Университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Алматы менеджмент университеті (AlmaU), Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (АӨМУ), Халық шаруашылығы университеті («Бизнесті әкімшілендіру бакалаврі» мамандығына), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті («Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына) бар.
Семейдегі Зияткерлік мектепті ағымдағы жылы 138 оқушы бітіреді. Олардың біразы қазірдің өзінде әлемдік, қазақстандық жоғары оқу орындарының гранттарын ұтып алған.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі