«Кристалл здоровья» – адалдыққа үйретті

Жуырда мектебіміздегі «Алтай», «Тарбағатай» және «Толағай» шаңырақтарының арасында «Кристалл здоровья» атты спорттық эстафета өткізілді. Шаңырақ сағаты аясында өткізілген сайыстың негізгі тақырыбы мектебіміздің алты құндылығының бірі «Адалдық» жайында болды. Спорттық ойындар шыншылдықты талап ететіндіктен, «Адалдық» құндылығын оқушылырға көрсету үшін шаңырақ сағатын осылай өткізу өте тиімді.
Эстафетаға үш шаңырақтың оқушылары мен мұғалімдер қатысып, ойын ережелерінің сақталуын бақылауға арнайы төрешілер бекітілді. Бұдан бөлек адал ұпай санын беретін әділқазылар алқасын жасақтау да ұмыт қалмады.  Ойын соңында оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды, соңынан көрермендермен шаңырақ сағаты жайында кері байланыс орнатылды. Көрермендер пікірінше сайыс адал өткізіліп, бағаланды. Болашақта осындай қызықты форматтағы шаңырақ сағаттары көбірек болады деген үміттеміз.

Азиза Нәдірбекова 11 «Е» сыныбы