Масленица мерекесі тойланды

Қысты шығарып салып, Масленица мерекесін атап өту біздің мектепте бұлжымас дәстүрге айналды. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері дәл осы мерекеде қызықты түрлі ойындар мен сайыстар, спорттық бәсекелер ұйымдастырады. Шараның жоғары деңгейде өтуіне береке –бірлігі жарасқан ұжым бір кісідей атсалысады.  Мереке күні мектебіміздің есік алды думанды сауыққа толды. Үзіліс кезінде далға шыққан мектеп оқушылары мен ұстаздары орыс халқының әндерін шырқап, мерекенің тарихымен тереңірек танысты. Тағы бір атап өтер ерекшелік – мерекеге орай қойылған биге барлығы бірдей қолдау білдірді. Ән мен биден, өнер көрсетуден алдына жан салмаған өнерпаздарға мерекенің негізгі ерекшеліктерінің бірі –құймақ үлестірілді. Соңынан ортаға қойылған Масленица қуыршағын өртеп, келер көктемді жақсылықпен қуанышпен қарсы алуға тілектер айтылды. Мереке әр адамға көтеріңкі көңіл –күй мен жағымды әсер сыйлады. Қош бол, Масленица! Қош келдң көктем!

Орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі