Global Issues Network

Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.»

(Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

GIN (Global Issues Network – жаһандық мәселелер желісі) жобасы алғаш рет Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі куратор әдістемелік бірлестігінде өз бастауын алды.

Мақсаты: Бірріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған тұрақты даму аймағындағы 17 мақсатты насихаттау және қолдану.

Ұйымдастырушылар: шетелдік ұстаздар Мисс Сью және Мистер Хрвое.

Өткізілетін уақыты: әр сәрсенбі сайын

Күн сайын әлемде адам салдарынан туындап келе жатқан әр түрлі бағыттарды қамтитын мәселелер реті артып келеді. Қазіргі таңда әлемдік сипат алған мәселелердің шешім жолдарымен халықаралық ұйымдар, мемлекеттер, атақты ғалымдар айналысуда. Алайда, осы мәселелердің туындаған түп тамыры жергілікті жерден басталса, неліктен осыны сол деңгейде шешпеске?!

GIN семинары мазмұны біздің әлемімізді өзгертетін 17 мақсатты қамтиды. Семинар аясында әдістемелік бірлестік ортасында қарастырылған жоспарларды, алған теориялық білімдерді келесі кезекте оқушылар арасында өткізілетін GIN жиналысында ары қарай талқыланып, әр шаңырақ мүшелері өздерінің жаңа жобаларын ұсынады. Жобалардың мақсаты тұрақты даму аймағындағы 17 мақсаттың мазмұнына сәйкес болуы керек. Осы тұрғыда мектеп оқушылары атқарылған жұмыстардан алған тәжірибені басқа қаладағы және мемлекеттегі GIN жобасының мүшелерімен бөлісіп, өзара қарым-қатынас орнату болып табылады. Осы орайда 2018 жылдың сәуір айына жоспарланған MUN NIS конференция аясында GIN жобасын республикалық деңгейде таныстырылмақ.