Алғашқы вебинар

Ақпанның екісінде Семей қаласындағы ФМБ НЗМ және Алматы қаласындағы ХББ НЗМ жатаханаларының тәрбиеленушілері  арасында  ТЕДх клубының вебинары өтті. Вебинарға біздің мектебімізден жатаханада тәрбиеленуші  ТЕДх клубының   мүшелері   және ТЕДх клубының жетекшісі Айнұр Қайырханқызы қатысты.  Вебинарға қатысушылар төмендегі тақырыптар бойынша: «ТЕДх»  саған не  үшін қажет?» (Айдар Тоқтарғазин), «Өзіңе деген сенімділікті қалай арттыруға болады? (Нұржан Жұматаев), «Жануарларды хайуанттар бағында ұстаған дұрыс па?» (Мерхат Ережепов), «Қызыл кітап туралы» (Жасұлан Жеңісбеков) өз идеяларымен бөлісті.
Бізбен байланысқа  шыққан алматылық  ТЕДх клубы   мүшелерінің   «Как быть собой?» (Ғалым Нағимов Галым), «Как добиться популярности в школе?» (Айдын Баяхан), «Как СМИ влияет на сознание подростка?» (Перизат Әмірғалиева), «Работоспособность» (Шыңғыс Мұратхан) тақырыптарындағы баяндамалары  бізге ерекше ұнады. Вебинар соңында алдағы уақытта да ТЕДх  клубының жұмысын жандандыру мақсатында, тәжірибе алмасуға көмегін тигізетін  осындай вебинарлар өткізу қажеттігі  туралы клуб жетекшісімен  ой бөлістік.

Айдар Тоқтарғазин, 9″А” сынып оқушысы