Әлеуметтік жоба аясында серіктестік кездесу «CHARACTER EDUCATION INTRODUCTION»

Қантар айының 17-сі күні Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Лингва Таун мектептері арасында достық әлеуметтік жобасы аясында жоспарлық кездесу өтті. Бұл жобаның негізгі мақсаты Лингва Таун оқушыларына тілдік орта тудыру және ағылшын тілін үйрену, ал НЗМ оқушыларына волонтерлық, көшбасшылық, коммуникациялық қабілеттерін дамыту, тіл үйрету. Осы жолғы кездесу шетелдік мұғалім мистер Edmund Fitzgerald -пен бірлесе өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушылардың ағылшын тіліндегі  қабілеттері  қандай денгейде екендігін байқау.

Жұмыс барысында мистер Edmund Fitzgerald волонтерлардың көмегімен оқушыларды алты топқа бөліп,  «Mindset survey» сауалнама сұрақтарына жауап жазып, жағымды және жағымсыз ойларымен бөлісті. Әр топта біздің мектептің волонтерлері Әйгерім Жүсіпова, Махаббат Молдаханова, Ақниет Жандарбекқызы, Адель Хасенова бірлесе жұмыс жасады. Оқушылардың ағылшын тілінен деңгейін байқау тәсілдері өте көп, дегенмен «Mindset survey» сауалнамасы өте қызықты болды. Себебі осы тәсіл арқылы «Лингва Таун» оқушыларының ағылшын деңгейлеріне талдау жасай алдық. Жалпы бұл оқушыларға ағылшын тілінде көмек өте қажет екендігіне көз жеткіздік.

Жалпы «Лингва Таун» мектеп оқушыларына өркениетті ел ретінде ағылшын тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді НЗМ әрқашанда қол ұшын беріп көмектесуге дайын. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, сөйлеу қабілеттерін түрлі әдістерді пайдаланып, жеткізу.   Дегенмен, ағылшын тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Соған қарамастан ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, мәтін мазмұнын баяндаумен өз ойын айту дағдыларын қалыптастыру.

Н.Н.Сұлтаева,

Н.Т.Орынбекова,

Педагог-ұйымдастырушы кураторлар