Бүгін мектебіміздің мәжіліс залында 8-11 сынып оқушыларына арналған басқосу өтті. Жиын барысында 8-11 сынып оқушыларының педагог-ұйымдастырушы-кураторлары «Қоғамға қызмет ету» және «Менторлық» жобалары туралы зияткерлерді толық ақпараттандырды.
Алдағы уақыттта шәкірттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру һәм дамыту мақсатында ұйымдастырылатын «Қоғамға қызмет ету» жобасы 8 сынып оқушыларына арналмақ. Жоба зияткерлердің әлеуметтік, мәдени және экологиялық бастамашыл идеяларын ортаға салып, қоғам үшін өзекті мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізбек.
Бір қызығы жас өрендерді бағыттайтын 11 сынып оқушылары болмақ. Бұл ретте жоғарғы сынып оқушылары «Менторлық» жобасы аясында жұмыс атқаратын болады. Аталмыш бағдарлама қос тарап үшін де мән-маңызы зор. Бір тарап көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және өздеріне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік алса, екінші жақ дағдыларын жақсартып, мектеп қауымдастығының интеграциялануына көмектеседі.
Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар оқушылардың дамуымен қатар, өзара байланыс орнатудағы рөлін ерекше атап өтті.