Жас ғалымдардың жеңісі

Апта жағымды жаңалықтарымен басталды. Мектебіміздің 9″А” сыныбының оқушысы Балжан Ахметова жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының “Орыс тілі” секциясында “Многозадачность эмодзи как результат адаптации письменной речи в сетевой коммуникации” жобасымен (ғылыми жетекшілері: А.Бодеева, А.Журбенко) І орынға, 12 “В” сыныбының оқушылары Назым Мұратқанова, Аружан Абаева “Биология” секциясында “Ұлулар-қоршаған ортаның ластануының биоиндикаторы ретінде” жобасымен (ғылыми жетекшілері: А.Қыдырмолдина, Л.Оберкулова) ІІІ орынға ие болды.