Семей қаласындағы ФМБ НЗМ және «Лингва Таун» тіл мектебі арасындағы достық әлеуметтік жоба аясында серіктестік кездесу «Team building»

Желтоқсан айының 6-сы күні Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Лингва Таун мектептері арасында достық әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Бұл жобаның мақсаты – Лингва Таун оқушыларына тілдік орта тудыру және ағылшын тілін үйрену, ал НЗМ оқушыларына волонтерлық, көшбасшылық, коммуникациялық қабілеттерін дамыту, тіл үйрету. Жобаға оқушылармен қатар шетелдік мұғалімдері де ат салысады. Оқушылар айына екі рет кездесіп отырады. Бірінші кездесуде бір-бірімен әр түрлі ойындар тренингтер шаңырақ сағаттарын өткізеді, жалпы екі мектеп оқушылары бір-бірімен жұмыс жасайды, екінші кездесу шетелдік мұғалімдермен бірге өтеді. Бірінші кездесуде қонақтарымызды есіктен кіре қарсы алып, мектепке экскурсия жасатты. Акт залында екі мектеп оқушылары өз аттарының басқы әріптері бойынша танысу арқылы үш топқа бөлініп, командалар арасында ағылшын тілінде түрлі ойындар «Find a melody», «The driver», «Guess the Word», «Switch places», «Hold the handle» өткізілді.
Жалпы іс-шара ағылшын тілінде өткізілді. Барлық ойындар қатысушы мектеп оқушыларына да және келген қонақтарымызға да қатты ұнап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кейбір оқушылар бұрын білмеген жаңадан көптеген сөздер үйренгенін алға тартса, кейбір оқушылар жаңа таныстықтары үшін қуанышты екендігін айтты. Болашақта осы жобамыз жемісін береді деген ойдамыз.

К.К.Найманова,
Н.Н.Султаева,
Н.Т.Орынбекова,
К.Л.Садирова
Педагог-ұйымдастырушы кураторлар