Қос қызымыз Гонконгтан шақырту алды

Мектебіміздің 12 сынып оқушылары Аида Маргарян мен Даяна Аманова Гонконг Баптист университетінің (Hong Kong Baptist University) толық грантына ие болды. Азиядағы үздік 50, әлемдегі үздік 300 университеттің санатына кіретін аталған жоғары оқу орны 1956 жылдан бері жұмыс жасайды.


-Мектеп бітіруші түлек үшін болашақ мамандығын дұрыс таңдай білу өте маңызды. Ойлана келе, отандық және шетелдік бірнеше маңдайалды оқу орындарына өз құжаттарымызды жолдадық. Олардың арасында АҚШ, Венгрия, Гонконг, Сингапур сынды мемлекеттердегі университеттер бар. Дегенмен, солардың алды болып біздің толық грантқа ие болғанымыз туралы Гонконгтан сүйінші хабар жетті, -дейді қос қызымыз.


Күнделікті сабақ процесінен бөлек, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар сайысына қатысып жүрген шәкірттеріміздің қуанышына достары мен ұстаздары да ортақтасты. Болашақтарын бизнеске қатысты мамандықпен байланыстырғысы келетін қыздардың түпкі ойлары ел дамуына елеулі үлес қосу.