Пән олимпиадасының жетістігі

Мектебіміздің бір топ оқушылары «Шәкәрім гранты» жүлдесі үшін өткен пәндік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстарда жақсы нәтижеге қол жеткізді.


Шаһарымыздағы Шәкәрім университеті ұйымдастырған пәндік олимпиадалар «Математика», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» және «Тарих» пәндері бойынша өткізілді.


Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының назарына ілініп, орыс тілінен өз білімдерін дәлелдей білген 9 сынып оқушысы Аружан Юсупова ІІ орынды жеңіп алумен қатар 50 пайыздық оқу гранты және сертификатқа ие болды. 10 сынып оқушылары Адия Билялова «Лучшая визитная карточка» номинациясына, Жанель Кадылбекова «Юный филолог» номинациясына лайық деп танылып, сертификаттармен марапатталды. Жетекшілері орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Асем Казангапова.


Сондай-ақ 11 сынып оқушысы Пәкжан Ниязбек (жетекшісі: С.Ертуганова) Алғыс хат және сертификатқа ие болса, 9 сынып оқушысы Балжан Ахметова (жетекшісі: А.Бодеева) сертификатқа лайық деп танылды.