Әжелер интеллектуалды ойынға қатысты

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 11-сыныптар арасында «Үйренерім көп менің» тақырыбында интеллектуалды ойын болып өтті. Ойынға «Әжелер» және «Жастар» топтары қатысты.


Ойын 4 айналымнан тұрды. «Кім керемет?» айналымында қариялар бүгінгі күн, жастар аға буын өкілдеріне сай сұрақтарға жауап берді. «Жүректен шыққан ән» айналымында екі сөзден айтып, сол сөздер кездесетін әндер айтты. «Рас пен жалған» айналымында заманауи және ескі заманға сай фактілердің «рас» немесе «жалған» екендігін тапты. «Батл» айналымдарында музыка ырғағымен би жарысына қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша «Әжелер» тобы жеңіске жетті. Ойынға қатысушылар «Атамекен» әнін караокеде орындап, «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс жасады.