Мұхаммадариф министрмен жүздесті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдин еліміздің Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен жүздесті. Министр халықаралық олимпиадалардың жүлдегер оқушыларын салтанатты марапаттау шарасына қатысқан шәкіртімізге ізгі тілегін арнап, әлемдегі ең үздік 5 халықаралық олимпиаданың қатарына кіретін International Olympiad in Informatics білім бәйгесінде жеткен жеңісін ынталандыру мақсатында 3 180 000 теңгенің сертификаты мен Алғыс хатын табыс етті.


Мұхаммадариф Сахмолдин үшін өткен оқу жылы өте сәтті болды. Өйткені, информатика пәнінен республикалық және Жәутіков атындағы халықаралық олимпиададан алтын медальді жеңіп алса, Индонезияда өткен IOI-2022 олимпиадасының күміс медаліне ие болған.