Жазғы мектептің жарқын сәттері

Жазғы мектептің алғашқы 2 күні өз келушілерін бірден баурап алып, жасерекшеліктеріне қарай түрлі топтарда білімдерін молайтуда көмектесуде. Солардың арасында тілдік бағдарламалар, пәндік қызығушылықтар, зерттеу жұмыстары, робототехника, өнер салалары бойынша бағдарламалар жұмыс жасайды.


Өз қалаулары бойынша аталған топтарға жазылған оқушылар жазғы каникулдың қызықты өткізудің жолын тапты. Түрлі ойындар арқылы жүзеге асырылып жатқан жазғы мектеп бағдарламасына халықаралық ұстаздар да атсалысуда.


Жазғы мектепке ақылы түрде келетін оқушылар да алған әсерлерін ортаға салып, қуаншытарымен бөлісуде. Олар бұл жерде жаңа достар тауып, мектеп ұстаздары мен топ жетекшілерінің ұйымдастырған түрлі шараларға белсене қатысып жүр.