Асқар мен Жансая жүлдегер атанды

Мектебіміздің қос шәкірті Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мектеп оқушыларының астрономия, физика және ғарыш саласында білім деңгейлерін арттырып, талантты оқушыларды анықтауды мақсат еткен жарыс Алматы қаласында өтті.


Дәл осы жарысқа «Ғарыш кемесінің жер мен Ай тартылыс өрісіндегі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу» жобасымен қатысқан 9 сынып оқушысы Асқар Жұмабеков ІІ орын, «Марс планетасындағы күшті магнит өрісін туғызу» жобасын ұсынған 11 сынып оқушысы Жансая Ғалымова ІІІ орынды жеңіп алды.


Аспан әлеміне қызығушылығы мол жас зерттеушілерімізді жарысқа Асхат Жұмабеков, Жадыра Ахатаева, Рая Смағұлова, Серік Анибаев есімді ұстаздар даярлаған.