Мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мектеп шаңырақтары арасында “Мамандықтар жәрмеңкесі” өтті. Әр шаңырақ өздеріне берілген мамандық бойынша ақпарат іздеп, креативті идеяларын ұсынды. Өткізілген жәрмеңкенің басты мақсаты – қазіргі кезде дамып келе жатқан жаңа мамандықтарды жайлы мектеп оқушыларына мол мағлұмат беру. Атап айтқанда, “Онлайн-терапевт”, “Инженер-генетик” “Медиаполицей” сияқты болашақтың мамандықтары таныстырылды.

– Бұл жәрмеңке бізге жан-жақты дамуға көмектесіп қана қоймай, жаңа білімге ұмтылуға ықпал етеді. Бүгінгі шара маған ұнады, – дейді “Маралды” шаңырағының мүшесі Амиржан Жакупов.