Баскетболдан чемпионат аяқталды

Мектебімізде баскетболдан чемпионат аяқталды. 9-12 сынып ұлдар мен қыздар командалары екі апта бойы бақ сынасып, шын мықтыны анықтауға тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша үлкен топ ұлдар арасында 11 «B,C,D» сыныптарының құрамасы І орын, 12 «С,D» сыныптарының құрамасы ІІ орын, 12 «A» сыныбының командасы ІІІ орынға ие болды.

Орта топ ұлдар арасында 9 «B,Е» сыныптарының құрамасы І орын, 9 «D» сыныбының командасы ІІ орын, 9 «А,K» сыныптарының құрамасы ІІІ орынды жеңіп алды. Қыздар арасында І орынға 11 «C,D», ІІ орынға 11 «A,B», ІІІ орынға 10 «B,E» құрама командалары қол жеткізді.


Жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншыларымыз да аз емес. Мәселен, «Үздік қорғаушы» номинациясын Санжар Балтабеков, Еркежан Қыдырбек, Даяна Аманова, Исмаил Мұхамедьяр, «Үздік орталық ойыншы» (центравой) номинациясын Мерхат Ережепов, Қымбат Байсапина, Амиржан Жакупов, «Үздік шабуылшы» номинациясын Еркін Жетпісбаев, Айдана Испаева, Арман Бабаев, «Үздік ойыншы» номинациясын Диас Маратов, Аида Маргарян, Шыңғыс Тоқанов есімді шәкірттеріміз ұтып алды.