Теннистен ашық біріншілік өтті

Жатақханамыздың тәрбиеленушілері арасында теннистен ашық біріншілік өтті. Жарысты тәрбиешілер ӘБ мен дене шынықтыру ӘБ бірлесе отырып ұйымдастырды.
Жарыс алдында ата-аналар қатысушыларға тілектерін арнап, сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі ойыншыларды ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен және ойынның ережесімен таныстырып өтті.


Жарыс ер балалар мен қыз балалар арасында жекелей сында, айналмалы жүйе бойынша өтті. Тартысқа толы жарыстың жүлделі орындары келесідегідей анықталды:

Ер балалар:
1 орын – Әлемжан Ахметжанов
2 орын – Әділ Саятұлы
3 орын – Алижан Қалдыбай

Қыздар арасында:
1 орын – Айым Әкімбергенова
2 орын – Даяна Урзаканова
3 орын – Аида Маргарян


Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталса, басқа қатысушыларға тәттілер таратылды. Жарысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұру жоспарда бар.