Ескендірдің ерекше жобасы

Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат сынды спорт түрлерін меңгерген бала бойында өз замандастарына қарағанда айтарлықтай айырмашылықтың бар екені анықталды. Бұндай тұжырымға мектебіміздің 7 сынып оқушысы Ескендір Тұрсынхан өзінің зерттеу жұмысының нәтижесінде келіп отыр.

            – Зерттеу жұмысымды “Интеллектуалды спорт түрлерімен шұғылданудың ақыл-ой қабілетіне ықпалы (Семей қаласының ФМБ НЗМ оқушылары мысалында)” тақырыбына арнадым. 7 сынып оқушыларын бақылай жүріп, тоғызқұмалақ, дойбы, шахматпен айналысқан оқушылардың басқаларға қарағанда ақпаратты тез меңгеретіндігі, шапшаң әрі тез жылдам шешім қабылдай алатындықтары анықталды.  Жалпы жоба зейіннің жинақтығын, психомотролық әрекетінің темпін бағалауға бағытталған үшін «Ландольт сақинасы» атты корректурлық кесте орындалды. Пән ұстаздары Мақсат Құдагелдин, Айнұр Қыдырмолдиналар жетекшілік жасады. Олар маған ғылыми зерттеу әдістемесі мен әдебиеттермен жұмыста, интерпретациясын жасауда бағыт-бағдар беріп отырды, -дейді жас зерттеуші өз сөзінде.

            Ескендірдің өзі де дойбы мен шахматты еркін меңгерген. Спортшылық мансабында жеткен жетістігі де аз емес. Қала, облыстық деңгейлердегі жарыстарда жүлдеге ие болған.   Жеткіншектің жеңісті жолы  зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың XVII республикалық «Зерде»  конкурсында жалғасып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

            Шәкіртіміз алдағы уақытта шахмат, дойбы, бриджа, сеги, покер сынды ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты Халықаралық интеллектуалдық спорт ұйымына енгізу жолында еңбек етуді жоспарлап отыр.