ТЕДх конференциясы

Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қарашаның 30-да Тұңғыш Президент Күніне орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша ТЕДх конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылар «Бүгінгі еліміздің экологиясы – ұлт болашағын алаңдатады», «Ұлттық құндылықтарымызды қазіргі заманға сай қалай дамытамыз?», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Туризм мәселесі де – руханият» сынды тақырыптар бойынша Елбасы мақаласында қамтылған еліміздің экологиясы, туризмді дамыту, ұлттық құндылықтар, бәскелестік және өзгеріске дайын болу сияқты өзекті мәселелер туралы өз ойлары мен идеяларын ортаға салды. ТЕДх конференциясына Бинура Аскарқызы, Айдар Тоқтарғазин, Асанәлі Сұлтанбеков, Талант Темірханов т.б. оқушылардың белсенді қатысқандығын айта кеткенім жөн. ТЕДх –ке жаңадан қатысып жүрген 7-8 сынып оқушыларына үлгі болатын бұл ТЕДх конференциясы бізді мазалаған талай сұраққа жауап тапты.

Аружан Сарбиева,
10 «А» сынып оқушысы,
«Шәкәрім» шаңырағы