Тәуелсіздікке оқушылардың тартуы

Мектебімізде педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Б.Салихова, Г.Жакеева, Д.Фольмердің ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты флешмоб өтті.


Шара мектебіміздің жатақхана оқушыларының флешмобымен ашылды. Қатысушылар қазақ өлеңдеріне ұлттық нақыштағы билер мен зауанами билермен байланыстырып, қызықты импровизациялар жасаған. Гимнастикалық трюктер көрсетілді. Флешмоб аясында ВИА үйірмесінің «Despair» вокалды-аспаптық ансамблі «Земля Казахстана» композициясын тарту етті. Қорыта келгенде, І орынға – 8 «В», ІІ орынға – 8 «Е», 3 орынға 8 «А» сыныптары ие болды.