«Тәуелсіздікке тарту» мерекелік көрмесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мектебімізде жатақхана оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Экспозицияның басты мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, көркем шығармашылықты дамытуға ықпал ету. Көрмені жатақхана тәрбиешілері М.Әлібекова, К.Касимова, А.Калеловалар ұйымдастырды.


Өз жұмыстарын жасауда оқушылар өнердің кескіндеме, графика, фотосурет түрлерін пайдаланды. Соның ішінде А.Калелованың жетекшілігімен жасалған шәкірттеріміздің түрлі-түсті суреттері жатақхана өміріндегі жетістіктер мен жарқын сәттерді бейнелейді.


Көрменің тағы бір бөлігін «ART room» үйірмесінің оқушылары жасаған шығармашылық жұмыстар құрайды. Бұл жұмыстардың көпшілігі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өткен «Елімнің ертеңі» желілік фантастикалық суреттер байқауына қатысты. Солардың арасынан 7 «К» сыныбының оқушылары Зухра Қадырбек пен Бақтияр Қадышев II орынға ие болғаны өте қуанышты. Құттықтаймыз!!!