Зияткерлер ғарыш әлемін игерді

Мектебімізде 7 шаңырақ арасында «Қазақстан ғарыш әлемінде 30 жыл» атты интеллектуалды викторина өткізілді. Мақсаты – зияткерлердің ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейте отырып, оны игеруге назар аударту.
Танымдық ойын «Викторина», «Сөзжұмбақ», «Зымыран», «Ғарыш әлеміндегі тұлғалар», «Караоке» сынды 5 кезеңнен тұрды.

Ойын барысында оқушылар жеребе арқылы бағыт-бағдар парағын алып, тапсырмаларды орындады. Тапсырмалардың дұрыс орындалуын мектеп көшбасшылары кеңесінің мүшелері қадағалап, өздерінің әділ бағаларын берді.


Ойын қорытындысы бойынша І орынды «Баянауыл» шаңырағының «Шолпан», ІІ орынды «Оқжетпес» шаңырағының «Сатурн» командалары жеңіп алса, ІІІ орынды Ертіс» шаңырағының «Нептун» және «Қарағайлы» шаңырағының «Марс» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдар мен қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Г.Жакеева,
Д.Мусина,
Ұйымдастырушы –педагог-куратор