Жас бишілер бәсекесі

Шәкірттеріміздің арасында биге бейім жеткіншектер жеткілікті. Жас дарындардың өнерін паш етуге дәстүрлі «World of dance» сайысы үлкен мүмкіндік беріп отыр.Биылғы сайысқа 5 топ, 6 жеке орындаушы бишілердің басын қосқан 20 өнерпаз қатысты.


– Қазіргі эпидахуалға байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, биылғы сайысты өткізу барысына аздаған өзгерістер енгіздік. Егер осыған дейін би бәсекесі 3 кезеңнен өткізіліп келсе, біз оның санын екіге дейін қысқарттық. Солай бола тұрса да, қатысуға ниет білдірген мектеп оқушылары аз болған жоқ. Алғашқы кезеңнің өзі тартысқа толы болды. Нәтижесінде ең үздік өнер көрсеткендері қаңтар айында өтетін ақтық сынға іріктеліп алынды, -дейді «World of dance – 2021» сайысын ұйымдастырушылардың бірі Далила Гафар.


«Poison rival», «Young forever», «Ballroom dance», «Go girls» топтарымен қатар жекелей өнер көрсеткен Еркеназ Байжігіт, Амина Баяшева, Нұрай Исахан, Балжан Ахметова сынды бишілер өзгелерден озып, ақтық сынға жолдама алды.