Халықаралық сайыста бас жүлде алдық

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Даяна Мақұлбаева мен Медина Мақсат «Алтын Самұрық» халықаралық сайыс-фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырыла ұйымдастырылған өнер додасы екі күн қатарынан өтті. Вокал, хореография, көркем сөз, еркін тақырып аталымдары бойынша фестиваль нағыз мықтыларды анықтады.
– Қос шәкіртіміз мектебіміздегі «Star» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері. Бұған дейін де түрлі сайыстарда топ жарып жүрген әншілеріміздің болашағы зор деп ойлаймын. Ол үшін мектеп тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. «Алтын Самұрық» халықаралық сайыс-фестивалінде екеуі де Гран-при ұтып алды. Соның ішінде Медина қазылар алқасының өзін мойындатып, сайыстың ең жоғарғы марапаты «Grand Prix «Признание» жүлдесіне ие болды, – дейді студия жетекшісі Руслан Қасенов.


Сайыста «Сен» әнімен өнер көрсеткен Медина Мақсат 8 – ші, «Hurt» әнімен бағын сынаған Даяна Мақұлбаева 11–ші сыныпта оқиды. Ұйымдастырушылар вокалдық студия жетекшісі еңбегін ескере отырып, Руслан Мұхаметқалиұлына Алғыс хат табыстады.

Баспасөз қызметі