Кім жылдам?

Мектебімізде тәрбиешілер әдістемелік бірлестігі мен дене шынықтыру әдістемелік бірлестігі бірлесе отырып, жатақхана тәрбиеленушілеріне «Кім жылдам?» атты спорттық-эстафеталық ойындарын өткізді. Жарысқа 7-11 сынып оқушыларынан құралған 4 команда қатысты. Әр команда 5 ер бала және 5 қыз баладан құралды. Алдымен 11 сынып оқушыларынан команда капитандары таңдалып, оларға әр сынып оқушыларынан команда жасақтау тапсырылды.


Ойын: «Таныстыру», «Секіртпемен жүгіру»,«Үңгірден өту», «Көпір», «Допты жоғарыдан беру», «Допты хоккей», «Арқан тартыс» сынды кезеңдерден тұрды. Ойынға ата-ана комитетінің өкілі Жұлдыз Мұсақанова, мектебіміздің 2018 жылғы түлегі Ермахан Ғабдулкәрімұлы, мектебіміздің АӘД оқытушысы Қуаныш Мұхамадиев және жатақханамыздың 12 сынып оқушылары Мерхат Ережепов пен Ақниет Түсіповалар қазылық етті.


Сайыс қорытындысы бойынша І орын – «Алаш», ІІ орын – «Достық», ІІІ орын – «Ветерок», «Огонёк» командаларына бұйырды. Ойын соңында командалар дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар жатақхананың барлық оқушыларына ата-аналар комитетінің сыйлықтары табыс етілді.