Зияткерлік мектеп құндылықтары

Жатақханамыздың 7 сынып оқушыларының бейімделу кезеңі жалғасуда. Соған сәйкес, түрлі іс-шаралар қатары толастаған емес. Соның бірі ретінде «Зияткерлік мектеп құндылықтары» тақырыбында өткен шараны ерекше атап өтуге болады. Тренинг барысында оқушылар мектебіміздің құндылықтарына тоқталып, жатақхана өмірінен мысал келтіріп, топтық жұмыс жасады. Кері байланыс кезінде балалар әрбір құндылықтың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Өмірде маңызды құндылықтарды әлі де оқушыларымыздың бойына сіңіру мақсатында жұмыстар жүргізілетіні анық. Іс-шараның өту барысында тапсырмалар сергіту сәтімен алмасып отырғаны оқушыларымызға оң әсерін беріп, көңіл-күйлерін көтерді. Алдыңғы уақытта зияткерлік мектеп оқушысының имиджі жөнінде ой қозғамақпыз.


Г. Дулатова,
Г. Бектұрова
Тренинг ұйымдастырушылары