«New Friends Discovery!» психологиялық акциясы

27 қыркүйек күні 7-ші сынып оқушыларын бейімдеу бағдарламасы аясында, дәстүрлі “New Friends Discovery” акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты: тимбилдинг, студенттердің командада жұмыс істей білуі, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ мұғалімдердің және әкімшілік арасынан жаңа достар табу. Акция акт залында басталды. 7 сынып оқушылары сұрақтарды алып, содан кейін сұрақтарға жауаптар іздеді.
Бұл күні 7-сынып оқушылары:
– Біздің директор Бағдан Тоқтамысұлының хоббиі – кітап оқу екенін білді.
– Бала кезінде Бауыржан Серікұлы Білім министрі болуды армандады.
– Мектеп асханасының жұмыс күні таңғы сағат 7-де басталады.
– Анар Мелисовнаның сүйікті сабағы – математика.
– Гүлнар Қайсақызының сүйікті маусымы – жаз.
– Бала ретінде Fitzgerald Edmund Патрик волейбол ойнауды өте қатты ұнатты, оның сүйікті тағамы спагетти болып табылады.
– Лариса Оралбайқызы біздің мектепте 2009 жылдан бері жұмыс істейді.
– Райгүл Алтынбекқызының хоббиі: йога, фитнес, жүзу, оқу.
– Кітапханашының Сумбебаева Шолпанның Зодиак белгісі. – таразы.
– Біздің мектепте оқушылардың саны – 705
– Нұркешова Дариғаның өмірлік ұраны: «Newer dive up».
– Қалжан Тоқеновнаның сүйікті спорты – баскетбол.
– Куляш Кененқызының туған күні – 10 қаңтар
– Алуа Берікованың ең сүйікті әні: «Өмір өзен»
– Ольга Владиславовнаның ұраны: “Through thorns to the stars.”

Акция нәтижелері бойынша 7 «А» сынып оқушылары «Eң жылдам» номинациясына ие болды. 7 «Б» сынып оқушылары «Ұйымщыл ұжым» номинациясымен марапатталды. «Позитивті ұжым» номинациясын 7 «D» сынып алды. 7 «С» сыныбы «Тапқыр Ұжым» номинациясы бойынша марапатталды. Тұтастай алғанда, барлық оқушылар тапсырманы тамаша орындады, осы күннен бастап көптеген жағымды эмоцияларға ие болды және көптеген жаңа достарды тапты!

Психологиялық қызмет