«Кел, танысайық!»

Мектебіміздің жатақханасына алғаш орналасқан әр оқушы үшін бәрі таңсық. Жаңа орта, бейтаныс адамдар. Ал, тәрбиешілердің міндеті олардың қысқа мерзімде бейімделіп кетуіне ықпал ету. Ол үшін түрлі қызықты шаралар өткізіліп тұрады. Солардың бірі – 7 сынып оқушыларына арналған «Кел, танысайық!» шарасы. Негізгі мақсат – жатақханамыздың жаңа тұрғындарының басын біріктіру. Ойын барысында шәкірттеріміз өздерін еркін ұстап, бір-бірімен жақын танысып, белсенділік танытты. Рефлексия кезеңінде шараның қызықты өткенін, ұнағандарын, тағы да осындай ойындар өтуін қалап жазған. Таңғы уақытта ұйымдастырылған бұл іс шарамыз оқушыларымызға жақсы әсер беріп, сабақтарына көтеріңкі көңіл-күймен кетті. Тренинг сағатымыз алдыңғы апталарда да жалғасады.


Г.Дулатова,
Г.Бектұрова,
Тренинг ұйымдастырушылары