Бейімделу апталығы

Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша мектебімізде жаңадан келген оқушылар үшін бейімделу апталығы өткізіледі. Апталық аясында шәкірттеріміздің бір-бірімен жақынырақ танысуы үшін түрлі ойындар, ралли, тренингтер, таңғы сабақтар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек кураторлық сағаттарда мектептің миссиясы мен құндылықтары жайлы айтылып, оқушылар өздері сыныптағы ережелерді анықтады.


Екінші оқу аптасында «Көңілді старт» эстафетасы ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар түрлі қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жасрылған қазынаны табуы керек болды. Ойынды тамашалаған ата-аналарымыз балаларға қолдау білдірді.


– Балаларымыз жаңа ортаға бейімделуі қысқа уақытта өтеді деген сенімдеміз. Ол үшін мектеп тарапынан барлық жағдайдың жасалып отырғанын көріп отырмыз. Кураторлардың әр оқушыны жете танып, талантын ашуға деген талпыныстары қуантады. Бізде өз тарапымыздан бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс атқаруға мүдделіміз, – дейді Жұлдыз Сейсенқызы есімді ата-ана.


Бейімделу апталығы барысында қызығушылықтарына байланысты түрлі үйірмелерге, ғылыми жұмыстармен айналысқысы келетін оқушыларымыз анықталды. Алдағы апталарда ата -аналарды тарта отырып кураторлық сағаттар, уақытты басқару тақырыбындағы кураторлық сағаттарды, мектеп кітапханашыларымен бірлесіп, мұғалімдер күні қарсаңында оқушыларға TEDx конференциясын өткізу жоспарлануда.
Айта кету керек, бейімделу бағдарламасы барлық санитарлық нормаларға сәйкес жүргізілді.


7 сынып кураторлары