Үйдің дәмі

Мектеп жатақханасының әр күні қызыққа толы. Шәкірттеріміз қолы бос уақытта түрлі үйірме жұмыстарына қатысып, күнделікті өмірге қажетті пайдалы істерді үйренеді. Мәселен, жуырда қыздарымыз түрлі тәтті тағамдар әзірледі. Осылайша олар ана, әжелерінің дайындап жүрген ас мәзірін естеріне түсірді. Үйге деген сағыныштарын басты. Дәмі тіл үйіретін тәттілерді дайындау барысында жатақхана тарапынан барлық жағдай жасалды.

Тағамды әзірлеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелері де ұмыт қалмай, қосымша ақпарат берілді. Ең бастысы – қыздарымыз ауызбіршілікте жұмыс жасады. Бірінің білмегенін екіншісі үйретті. Ас дайын болғанша командалық ойындар ойналып, бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды.
Шара соңында тәрбиеленушілеріміз дастархан басында өз еңбектерінің нәтижесін көрді.

К. Касимова,

Жатақхана тәрбиешісі