Википедияға үлес қосайық

Биыл жазғы мектепте википедия курсын ұйымдастыруды қолға алдық. Бұл курс мектеп оқушыларын энциклопедияның талаптарына сәйкес мақалалар жазуға, өңдеуге дағдыландыру, ана тіліне деген құштарлығын арттыру мақсатымен өткізілді. Курста оқушылар мақала жазу ережелерімен талаптарымен танысты. Қазақ тіліндегі мақалаларды өңдеп, мақалаларға сілтеме жасады.


Клуб жетекшісі 12 сынып оқушысы Айдар Тоқтарғазиннің википедияға мақала жазу туралы бейнероликтерін оқушылар нұсқаулық ретінде қолданды. Клубтың белсенді мүшесі Алихан Мұратқазы дереккөздер қою,сурет жүктеу, аударма қосу, сөздікпен, медиафайлдармен жұмыс істеу сияқты өз білімін қатысушылармен бөлісіп отырды.


Курстың қатысушысы Даяна Аманова: «Википедия клубы жазу және талдау дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Жетекшіміз А. Ибрагимова энциклопедиялық мақаланы қалай жазуды үйретті. Ал біз үйренгенімізді тәжірибеде қолдандық, Бұл дағдылар оқушыларға болашақта қажет болады, өйткені мақалаларды қысқаша, әрі нақты жаза білу әрқашан пайдалы. Әзірге парақшадағы зертханада мақала жазуды бастадық. Бірнеше өңдемеден соң мақала жазуға рұқсат аламыз. Википедия сайтының жүйесін және оның қалай жұмыс істейтінін осы курс арқылы білдік»,- деп пікірімен бөлісті.


Баспасөз қызметі