«Түрікше үйренейік!»

Жазғы демалыс мектеп оқушыларының асыға күтетін мезгілі. Олар үшін уақытты тиімді өткізудің бір жолы – жазғы мектеп арқылы білімдерін толықтыру. Онлайн форматта өткізілгеніне қарамастан, еш кедергі жоқ. Қашықтықтан түрлі ойындар арқылы да оқушының ойлау жүйесін дамытуға болады. Сондай курстардың бірі «Түрікше үйренейік!» деп аталады. Жалпы курстың мақсаты оқушылардың түрік тілін А1 деңгейіне көтеріп, шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсуге көмектесу.


Негізгі алға қойған мақсаттар, оларға жету, қиындықтар мен кедергілерді жеңу жолдары жайлы курс жетекшісі Н.Сұлтаева кең көлемде айтып өтті. Курста жалпы 11 қатысушы бар. Курсты өткізуші 11 “В” сыныбының оқушысы Дана Бекишева.


Курстың алғашқы сабағы түрік тілі әріптерінің дұрыс айтылуына арналды. Берілген ақпараттар арқылы оқушылар қызығушылығын артып, барлығы белсенді түрде қатысып отырды. Сабақ сонында оқушылар кері байланыстарын жазып, ой бөлісті.


Ал, тәлімгерлік сағатта халықаралық балалар күнін қорғау туралы ақпарат беріліп, отбасында қалай атап өтетіндіктері туралы айтылды.


Баспасөз қызметі